1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда "Алтын белгіге" қойылатын талаптар күшейтіледі 19 тамыз 2021, 14:05

Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Біз оларды жыл сайын кезең-кезеңімен қайта қарастырамыз. Өздеріңіз білесіздер. Былтыр бұл мәселені көтердік (қатаңдату туралы. - ескерт.), өзгерістер енгіздік. Биыл екінші кезең. Онда талапкерлер тек жылдың соңында ғана емес, сонымен қатар әр тоқсанда 5-11-сыныпқа дейін бес болуы керек. Мұндай талап енгізіліп жатыр, менің ойымша, бұл маңызды талап", - деді министр.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы 2022 жылы өсетінін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram