19 тамыз 2021 13:17

2022 жылы қазақстандық мұғалімдердің жалақысы өседі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылы мұғалімдердің жалақысы өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылы мұғалімдердің жалақысы өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың қаңтарында балабақшалардағы, мектептердегі және колледждердегі мұғалім жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап мұғалімдерді қабылдау жүйесі өзгеріп жатыр. Сонымен қатар, көп пікірталас болды, сарапшылармен және әріптестермен ұзақ уақыт талқылап, ақыры шешім шығардық, жақында министр бұйрығына қол қойылды", - деді министр тамыз конференциясында.

Министрдің айтуынша, директорлар бұрын мұғалімдерді жұмысқа алған. Енді жұмысқа орналасу электрон форматтағы конкурс арқылы жүргізіледі.

"Нақты көрсеткіштер, критерийлер бар. Соған сәйкес мектеп және комиссия мұғалімдерді қабылдау туралы шешім шығарады", - деді Аймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети