26 тамыз 2014 19:25

Қазақстанда әскерилерді даярлайтын оқу орындары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болашақ әскери мамандар Болашақ әскери мамандар

Tengrinews.kz Қазақстан әскері үшін мамандарды қандай оқу орындары дайындайтынын анықтады. 


Tengrinews.kz Қазақстан әскері үшін мамандарды қандай оқу орындары дайындайтынын анықтады. 

Ең алдымен әскери мамандыққа мектеп табалдырығынан бастап баулитын білім мекемелерін атап өтсек. Олар "Арыстан", "Жас ұлан" және Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп пен Шымкент қаласындағы Сабыр Рахимов атындағы, сондай-ақ Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы мектеп. 

2014 жылы "Арыстан" мамандандырылған 80 түлек ұшырыпты. Оның 23-і шетелде білімдерін жалғастыруда. Нақтырақ айтсақ, АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия елдерінде. Айтпақшы, олардың барлығы тегін білім алуда.

Ал "Жас ұланға" келсек, олар дайындаған ұландар саны – 67. 2002-2014 жылдар аралығында аталмыш білім ордасы 500 ұлан дайындап шығыпты. Осы жылы олардың 22-і еліміздегі әскери оқу орындарына түскен. Ал 8-і Ресейде, Қытайда оқып жатыр. "2014-2015 оқу жылдары 34 бала тегін білім алады" - дейді құзырлы сала.

Алматы қаласындағы республикалық Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепке қатысты айтсақ, олар әскери сала үшін 217 адам дайындапты. Олардың арасындағы ЖОО-ға түскендер саны – 57. Айтпақшы біреуі Түркиядағы Әскери Әуе күштері училищесінде оқиды. Енді кезегімен Сабыр Рахимов атындағы мектеп бойынша айтсақ, мұнда осы жылы 153 бала тәлім алған екен. 55-сі білімін өз елімізде жалғастырса, бесеуі қазір шетелде оқиды.

Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп те отандық қарулы күштерге мамандық дайындауда өзінше үлес қосуда: 2014 жылы жалпы 187 бала білім алса, оның 71-і Қазақстанда, біреуі Түркияда білімдерін жетілдіруде.
Білімдерін одан әрі ұштағысы келгендердің назарына ұсынарымыз - Алматыдағы радиоэлектроника мен байланыс Әскери институы, Ақтөбедегі Әскери әуе қорғанысы институты, Алматыдағы Құрлықтағы Әскер институты, Щучинск қаласындағы Кадет корпусы мен Петропавл Ішкі әскер институты және Ұлттық гвардияның Әскери институты, сонымен қатар, Алматы ішкі істер Академиясы, Көкшетау техникалық ЖОО-сы, ҰҚК-ның Шекара академиялары сіздерді күтеді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметін алға тартсақ, әскери ЖОО-ларға іріктеу – ҰБТ сертификаты мен Кешенді тестілеудің негізінде жүргізілді. Сонымен қатар, талапкерлердің денсаулықтары мен психологиялық жағдайлары да қатаң ескерілсе керек. Айтпақшы, осы жылы бір орынға 3 адам "таласса", шетелдік ЖОО-лардағы бір орынға 4 адамнан келді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети