02 наурыз 2023 09:26

Қазақстанда аспаннан жұмбақ жарқыраған нысандар байқалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz оқырманынан Tengrinews.kz оқырманынан

Қазақстанда аспаннан жұмбақ жарқыраған нысандар байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда аспаннан жұмбақ жарқыраған нысандар байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарқыраған шарлардың фото және видеоларын сайт оқырмандары редакцияның WhatsApp нөміріне бірден екі қаладан – Алматы және Атыраудан жіберген.

Атырау тұрғыны Аман Наурзғалиев ерекше құбылысты видеоға түсіріп алғанын айтып берді.

"1 наурызда кешкі сағат 21:11 шамасында балконға шықанымда, аспандағы екі шарды байқадым, басқа ештеңе жоқ. "Мүмкін, жұлдыздар ма?!" деп ойладым. Бірақ бұл екі нысан қозғалып бара жатты, сосын түсіріп алдуы ұйғардым. Нәтижесінде нысандар сәл төмен түсіп, кейін мүлдем жоғалып кетті", - дейді Аман Наурзғалиев.

Екінші оқырман – Алматы тұрғыны белгісіз ұшатын нысандарды суретке түсіріп алған.

"Олар аспанда, Алматының оңтүстік-батысында пайда болды. Бір-біріне жақындап, қосылып, кейін алыстап кетті", - дейді алматылық.

Айта кететін жайт, аспандағы жұмбақ жарқыраған шарлар көршілес Қырғызстанда да байқалған. Бішкек тұрғындары белгісіз себептермен ерекше жарқыраған Венера мен Юпитерді көрдік деп болжаған.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын түнгі аспандағы ең жарық үш нысан - Ай, Венера және Юпитер - сәрсенбі, 22 ақпанда таңертең аспанда кездескені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети