30 қаңтар 2024 14:34

Қазақстанда ауызсуды көлік жууға пайдалану мәселесі қалай шешілмек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Үкіметте өткен брифингте су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауызсуды көлік жууға пайдалануға қатысты сыны туралы сұралды. Шенеуніктің айтуынша, олар жағдайды қалай түзетуге болатынын анықтап қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Су кодексінде техникалық қызмет көрсету станцияларында ауыз суды пайдаланатын кәсіпкерлердің белгілі бір уақыт аралығында автомобильдерді жууға пайдаланатын суды тазартатын жабдық қою нормасын қарастырғымыз келеді. Яғни, суды қайта пайдалану", - деді Нұржігітов.

Министрлік бұл жабдықты қанша уақыт аралығында орнату керек екенін әлі шешпеген, бұл мәселе талқыланып жатыр.

"Екінші мәселе - тарифтер бойынша шешеміз. Яғни, ауызсуды басқа қажеттіліктерге пайдаланатын кәсіпкерге тариф айтарлықтай көтеріледі", - деп қосты министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети