09 қараша 2022 17:50

Қазақстанда автокөлік өндірісіне қойылатын талаптар жеңілдетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда ABS, қауіпсіздік жастықтары және SOS түймелері жоқ төмен экокласты көліктерді шығаруға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда ABS, қауіпсіздік жастықтары және SOS түймелері жоқ төмен экокласты көліктерді шығаруға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 4 қарашада үкімет Қазақстанда шығарылатын жекелеген көліктерге міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалау ережесін бекітті. Олар 15 қарашада күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 ақпанына дейін елде ABS, қауіпсіздік жастықтары, SOS түймесі және Еуро-5-тен төмен (Еуро-0-ге дейін) экологиялық класы жоқ көліктерге рұқсат етілген.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі солтүстіктегі көршілерімізбен ынтымақтаса отырып, "Лада" және "УАЗ" шығаратын өндірушілерді қолдау мақсатында елімізде шығарылатын көліктерге қойылатын талаптарды азайту туралы шешім қабылдағанын түсіндірді.

"Hyundai-ды жеңілдетілген жиынтықта жасайды деп ойламаймыз, өйткені мұндай машиналарды, Үкіметтің қаулысына сәйкес, басқа елдерге экспорттауға ғана емес, тіпті оларға Қазақстаннан тыс жерлерге де баруға болмайды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Шенеуніктердің айтуынша, жақын арада Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекітетін № 342 бұйрыққа өзгерістер енгізіледі. (Дәл осы құжат елде Еуро-4-тен төмен, ABS жоқ және т.б. экокластты машиналарды бастапқы тіркеуге тыйым салады). Жаңа ережелер 1 ақпанға дейін жарамды болады, бірақ болашақта олардың мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети