11 наурыз 2022 17:38

Қазақстанда азық-түлік өнімдері тапшы ма?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің қоры туралы хабарлады. Ведомство мәліметінше, елімізде ішкі нарықтың қауіпсіздігіне мониторинг жүйелі негізде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің қоры туралы хабарлады. Ведомство мәліметінше, елімізде ішкі нарықтың қауіпсіздігіне мониторинг жүйелі негізде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, азық-түлік өніміне тапшылық жоқ, қор жүйелі түрде толықтырылып жатыр.

"Деректерге сәйкес, республикада барлығы 1,5 миллион тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қоры бар, оның ішінде ұн - 145,1 мың тонна, қант - 47,6 мың тонна, күріш - 40,2 мың тонна, макарон өнімдері - 21,3 мың тонна және бір миллион тонна көкөніс өнімдері және т.б. Жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарларды өндіру үшін шикізат жеткілікті, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін мал басы жеткілікті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ресми мәліметтері бойынша, 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикадағы дәнді және бұршақ дақылдарының қоры 10 миллион тонна.

Ведомство мәліметінше, республика бойынша барлығы 8,1 миллион тонна бидай (оның ішінде 6,7 миллион тонна азық - түлік және 0,3 миллион тонна жемшөп), 1,2 миллион тонна арпа, дәндік жүгері - 157 мың тонна, қара бидай - 26 мың тонна бар.

Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігі республика ішкі нарықтың астыққа деген сұранысын өз өндірісі арқылы қамтамасыз етуге толықтай қауқарлы екенін айтты.

"2022 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 47,6 мың тонна қант бар (тұрақтандыру қорларында - 3,7 мың тонна, сауда объектілерінде - 26,7 мың тонна, кәсіпорындарда - 11,2 мың тонна, қоймаларда - 5,8 мың тонна). Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 140 шешімі бойынша, Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі мерзімге тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, 250 мың тонна көлемінде ақ қант әкелу құқығы берілді. Қазіргі уақытта ЕЭК кеңесінің шешімін іске асыру үшін ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен қант пен құрақ шикізаты қантын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары мен тәртібі бекітілді", - деп толықтырды министрлік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети