20 қаңтар 2021 08:23

Қазақстанда банк, ақша айырбастау пункті мен ломбардтардың жұмыс режимі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында қаржы нарығындағы субъектілердің жұмыс режимі туралы бірлескен бұйрық шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында қаржы нарығындағы субъектілердің жұмыс режимі туралы бірлескен бұйрық шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрыққа сәйкес мына нысандардың жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:

  • Екінші деңгейдегі банктер, ҚР бейрезидентбанктерінің филиалдары;
  • Шетел валютасымен айырбастау пункттері;
  • Ипотекалық ұйымдар;
  • Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары;
  • Сақтандыру брокерлері, ҚР бейрезидентсақтандыру брокерлерінің филиалдары;
  • Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
  • Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар;
  • Төлем ұйымдары
  • Коллекторлық агенттіктер

2021 жылғы 19 қаңтардан бастап осы субъектілер қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керек.

"Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес мыналарға жататын аймақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілер:

  • "қызыл" аймаққа – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 40 пайыз қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 60 пайыз   қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін;
  •  "сары" және "жасыл" аймақтарға – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30 пайыз  қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50 пайыз қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін.

Бірлескен бұйрық агенттіктің ресми сайтында жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети