Қазақстанда банктерге қатысты ережелер қатаңдатылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com/ LyazaTretyakova Фото:depositphotos.com/ LyazaTretyakova

Қазақстанда іс-қимылды қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Негізгі мақсаты – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда іс-қимылды қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Негізгі мақсаты – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"Енді Агенттік анықталған тәуекелдер немесе оларды басқарудағы кемшіліктер жойылғанға дейін тұтынушыларға қаржы өнімдерін беруді тоқтата тұруға құқылы болады", - делінген хабарламада.

Кредиттік өнімдер үшін шамадан тыс борыш жүктемесінің тәуекелдерін азайтуға бағытталған жауапкершілікпен кредит беру қағидаттары енгізілетін болады. Ақпаратты жария етуге, жарнамаға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ жосықсыз практикаларды шектеу жоспарланған.

"Сонымен қатар жаңа жүйе жосықсыз іс-қимыл мен алаяқтық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Реттеудің маңызды құрамдас бөлігі қаржы ұйымының тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастамаларды жүргізу міндеті болады".

Бұдан басқа, қаржы нарығына қатысушылар арасында міндеттерді тиімді бөлу үшін қаржы нарығында жолданымдарды қарау тәртібі қайта қаралды. Жаңа тәсілге сәйкес қаржы ұйымы бірінші кезекте тұтынушылардың жолданымдарын қарауға және шешім қабылдауға міндетті. Бұдан әрі дауды қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі қарауы мүмкін, ол қазір қаржы нарығында дауларды сотқа дейінгі реттеудің негізгі тетігі болып табылады.

"Осы өзгерістердің барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және тұтынушылар мен қаржы өнімдеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Кешенді тәсіл қаржы нарығында адал іс-қимылды ынталандыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer