01 қыркүйек 2020 13:36

Қазақстанда Бәсекелестікті қорғау агенттігі пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысына тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысына тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты.

"Кәсіпкерлер нарыққа кіре алмай жатыр, ал егер олар кіретін алса, жеке монополистке бағынуға мәжбүр болады. Бәсекелестікке қарсы көріністер барлық жерде байқалады - көмір, электр энергиясы, мұнай өнімдері, байланыс, фармпрепараттар нарығы, әуежай қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, логистика қызметтері. Тізімді жалғастыра беруге болады.

Әрбір кәсіпкер үшін тең мүмкіндіктер жасап, нарықтарды монополиялауды тоқтату қажет. (...) Сол себепті Президентке тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын", - деп тапсырды Тоқаев.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылатыны айтылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети