Қазақстанда үш жыл ішінде баспана кезегі екі есе көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевке сілтеме жасап.
Қазақстанда үш жыл ішінде баспана кезегі екі есе көбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевке сілтеме жасап.
"2011 жылдан 2014 жылға дейін кезек екі есе көбейді. Баспана ұсыну мүмкіндіктерінің кеңеюі тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Сондықтан үш жыл ішінде тұрғын үй бағдарламасына көзқарасты қайта бағалау керек. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" желісі бойынша тұрғызылатын баспана - 50%, Қазақстанның ипотекалық компаниясы салатын 70%, "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша тұрғызылатын 100% баспаналар мұқтаж азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдарға ұсынылуы керек", - деді Жәмішев.
Оның айтуынша, бұл ұсынылатын пәтерлердің қатарын жылына 10 мыңға дейін ұлғайтуға септігін тигізеді. Баспана кезегі өсе беретін болады, алайда баспана мәселесін тек қана бюджет есебінен шешу мүмкін емес.
Министрдің атап өтуінше, нарықта коммерциялық баспана ұсыну шешуші жайт болмақ. "Ол халықтың баспанамен қамтылуына және пәтер кезегінің азаюына ықпал етеді. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" салымшыларды нарықтық жағдайда мейлінше белсенді түрде тарту керек. Сондықтан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тәжірибесін, тиімді пайыздық мөлшерлемемен салым жинау мүмкіндігін насихаттау қажет. 5%-дық мөлшерлемемен теңге түрінде несие алу - қаржыландыру үшін өте тиімді ресурс", - деді ол.