07 сәуір 2015 20:31

Қазақстанда баспана мәселесін шешу үшін жатақханалар салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@РИА Новости @РИА Новости

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) елімізде баспанамен қамтамасыз ету бағдарламаларының аздығына назар аударды. ҰКП бұл мәселені шешу үшін жатақханалар салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) елімізде баспанамен қамтамасыз ету бағдарламаларының аздығына назар аударды. ҰКП бұл мәселені шешу үшін жатақханалар салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз эконом-сегменттегі тұрғын үй құрылысына мемлекеттік емес қолдауға назар аударуды, сауданы қамтамасыз ету үшін субсидиялауды және қорландыруды арзандатуды тағы да ұсынамыз. Жалға беру бола ма немесе ипотека бола ма, әлде "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" механизмдері бола ма - маңызды емес, біз нұсқаларды талқылауға дайынбыз. Сонымен қатар, халықтың өзінің қаржы ресурсын пайдалануды өте маңызды деп есептейміз. Барлығы өз тұрғын үй мәселесін жақсартқысы келеді, ұйым қызметкерлері баспана алғысы келеді. Сол себепті тіпті жалға берілетін тұрғын үй ғана емес, жатақханаларды да салу керек", - деді ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Астанада өткен кәсіпкерлер кеңесінде.

Оның айтуынша, сатып алуға болатын жалға беру мәселесін де шешу керек. "Бұл бағдарламаны жалғастыру қаншалықты тиімді? Мүмкін сатып алынатын жалға беруден біртіндеп классикалық жалға беруге көшіп, тұрғын үйлерді мемлекеттік жалға беру пулын қалыптастыру керек шығар?", - деді ҰКП өкілі.

"Қазір мемлекет тұрғын үй мәселесін шешуге үлкен қолдау көрсетіп отыр, бірақ онымен мәселе толық шешілмейді. Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы тұрғын үйлерді жалға беретін жаңа бағдарлама өз жұмысын бастады. Бағдарлама арқылы бірнеше жылда 29 мың пәтер салынып бітеді. Бірақ бұл мәселені шешпейді, себебі Қазақстанда 300 мың отбасы баспана кезегінде тіркеуде тұр" - деді Якупбаева.

"Бүгінде тұрғын үй құрылысы тоқтап тұр. Халықты баспанамен қамтамасыз ету - кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты. Бірақ Қазақстанда халық қамтамасыз етілген аудан - 19,6 шаршы метр. Бұл көрсеткіш БҰҰ ұсынған нормадан (30 шаршы метр) төмен. ТМД елдерінде бұл норма 23-25 шаршы метр, Қытайда - 27, Норвегияда - 73. Осы себепті біз бұл көрсеткішке жетуге талпынуымыз керек. Дегенмен қазір қаржыландыру жағынан проблемалар бар", - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет толықтай қолдамауы мүмкін, бірақ мемлекеттік жолмен коммерциялық құралдарды іске қосу керек. "Біз ипотека мәселесі төңірегіндегі сұрақтарды да, коммерциялық жалға беруді де дамытуымыз керек, жылжымайтын мүлік қорын қосуымыз керек және осылай ары қарай. Яғни құралдар шын мәнінде көп және мемлекеттің қолдауы барда (егер ол жалғаса беретін болса), мемлекет үшін шығын аз болады, ал егер өз есебінен сала беретін болса, сәйкесінше, шығын көбейеді", - деді Якупбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети