Қазақстанда бензин бағасы төмендемейді - энергетика министрі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ ktk.kz ©️ ktk.kz

Әлемдік нарықта мұнай арзандап жатқанына қарамастан Қазақстанда жанармай бағасы төмендемейді. Бұл туралы өнергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлемдік нарықта мұнай арзандап жатқанына қарамастан Қазақстанда жанармай бағасы төмендемейді. Бұл туралы өнергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Министр жанармай құны мен оны өндіретін шикізат бағасы арасында тікелей байланысты көрмейтінін айтты.

"Бүгінде елімізде халықаралық нарықпен ондай корреляция жоқ. Яғни мұнайдың бағасы қанша өзгерсе де – күн сайын, апта сайын, ай сайын – Қазақстанда бензин бағасы ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықталады", – деді министр.

КТК телеарнасы мәліметінше, бұған дейін Ақкенженовтің алдындағы энергетика министрлері жанармай бағасы өсіп жатқан кезде, оның себебін көбінесе мұнай бағасының өсуімен түсіндірген болатын. Ол кезде жанармай бағасы мемлекет тарапынан реттеліп тұрған еді.

Сәуірдің басында Brent маркалы мұнай төрт жылдағы ең төменгі деңгейге жетіп, баррелі 63 долларға дейін түсті. 23 сәуірдегі мәлімет бойынша, бір баррель мұнайдың бағасы 66 доллар болған.

7 сәуірде АҚШ энергетика министрлігі Brent маркалы мұнайдың 2025 жылға арналған орташа бағасы туралы болжамын күрт төмендетіп, 74,2 доллардан 67,87 долларға дейін азайтты.

"АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының" мәліметінше, 2025 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 68 доллар болады деп болжанған, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 61 долларға дейін төмендейді", – делінген олардың баспасөз хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.06  course down  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer