15 ақпан 2024 09:08

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 15 ақпанда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 15 ақпанда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күші түнде облыстың батысында 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, мұзды жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының шығысында қатты қар, облыстың оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (қар, мұзды жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын. Облыстың оңтүстік бөлігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, түнде облыстың солтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети