08 мамыр 2020 11:55

Қазақстанда бүгін COVID-19 анықталған науқастар туралы мәлімет шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы Қазақстанда 8 мамыр таңертең тіркелген коронавирус жағдайларына қатысты ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік комиссияның жедел штабы Қазақстанда 8 мамыр таңертең тіркелген коронавирус жағдайларына қатысты ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында үш адам коронавирус жұқтырған. Науқастар Теміртау қаласында тұрады. Олар - 1978 жылы туған ер адам, 1978 және 1999 жылы туған әйел адам.

Аймақта жалпы 180 адам  коронавирус жұқтырған. Үш науқас қайтыс болды, 83 адам аурудан айықты. 

Ақмола облысында тағы үш адамнан COVID-19 анықталды. 1976 жылы туған әйел - Ақкөл ауданының тұрғыны, инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынас жасаған және 30 сәуірден бастап оқшауланған.

Сондай-ақ, Целиноград ауданында тағы екі жағдай тіркелді. Қосшы ауылының тұрғыны, 2010 жылы туған ер бала және Қоянды ауылының тұрғыны, 2014 жылы туған қыз бала. Олар Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпорында жұмыс істейтін үлкендерден жұқтырған.

Маңғыстау облысында төрт адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде бір жасар бала бар.

"ПТР диагностикалық зерттеуі Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының 2 тұрғынынан коронавирус анықтады. Олар - 1979 жылы туған әйел және 2019 жылы туған бала. Бейнеу ауданында КВИ 2014 жылы туған баладан, Жаңаөзен қаласының 1982 жылы туған тұрғынынан (әйел) анықталды. Олар бұған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланысты болған", - деп хабарлады шедел штаб.

Түркістан облысында 1990 жылы туған азаматтан коронавирус анықталды.

Еске салайық, бүгін таңертең КВИ жұқтырған 112 адам тіркелді және коронавирус жұқтырған бір науқас қайтыс болды.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 4690 адамнан COVID-19 анықталды. Коронавирус жұқтырған 1518 адам аурудан айықты, 31 науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети