05 ақпан 2021 17:48

Қазақстанда COVID-19-бен күрес: 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есеп комитеті пандемия жағдайында дағдарысқа қарсы қаражаттың пайдаланылуын бақылау кезінде 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Есеп комитеті пандемия жағдайында дағдарысқа қарсы қаражаттың пайдаланылуын бақылау кезінде 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есеп комитеті өзінің 2020 жылғы жұмысының қорытындысын жасады. Аудитпен 47 триллионнан аса теңге қамтылды, бұл 2019 жылға қарағанда 38 пайызға артық және 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 9 есе жоғары.

Жалпы 2,2 триллион теңге қамтылған. 344 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар - 34 миллиард теңге, қаражатты тиімсіз пайдалану және жоспарлау бойынша - 310 миллиард теңге. Оның 146 миллиарды ғана өтелген. 

2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 96 миллиард теңге, ал агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 49 миллиард теңге бұзушылық анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети