31 мамыр 2023 09:29

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы мыңдаған вакцина қалды: олардың жағдайы не болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасы және тағы 200 мыңдай Sinopharm қалды. Құны миллиондаған долларға бағаланады. COVID-19 індеті аяқталғаннан кейін олардың жағдайы не болады? Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасы және тағы 200 мыңдай Sinopharm қалды. Құны миллиондаған долларға бағаланады. COVID-19 індеті аяқталғаннан кейін олардың жағдайы не болады? Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің бас санитария дәрігері мәліметінше, қалған вакциналарға сұраныс жоқ деп айтуға болмайды: Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация мен ревакцинация жалғасып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті қаулылары жойылған жоқ және әлі де күшінде.

"Вакцинация да, ревакцинация да жалғасып жатыр. Бүгінде Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасы бар - ол ревакцинация үшін пайдаланылады және жаңартылған құрамында омикрон штамдарынан қорғаныс бар. Ал Sinopharm вакцинасының шамамен 200 мың дозасы бар. Әрине, қазір вакцинация деңгейі төмен, бірақ халық әлі де барады. Орта есеппен күніне 500-ден 1000-ға дейін адам екпе алады немесе қайта егіледі", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Бас дәрігердің айтуынша, наурызда елге гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасының 500 мың дозасы келген. Олардың құны шамамен 10 миллион долларға бағаланды. Бүгінде бұл вакциналардың 200 мыңы қолданылған. Денсаулық сақтау министрлігі қалған дозаларды жыл аяғына дейін жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл ретте бас санитария дәрігері Қазақстанға келесі жылы вакциналардың жаңа партиясы қажет болатынын жоққа шығармайды.

Еліміздің бас санитария дәрігері қазақстандықтарды бетперде киюге міндеттейтін ережелердің күшін жойғанын растады. Бұл ретте Айжан Есмағамбетова азаматтарды алдағы уақытта маска тағу мәдениетін сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети