Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. Бұған дейінгі тәулікте 6 314 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 6725 адамнан коронавирус анықталған еді.
Қазақстанда COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. Бұған дейінгі тәулікте 6 314 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 6725 адамнан коронавирус анықталған еді.
"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 23 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 631 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 748 851 жетті", - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 422,
- Алматы қаласында - 1505,
- Шымкент қаласында - 147,
- Ақмола облысында - 274,
- Ақтөбе облысында - 166,
- Алматы облысында - 394,
- Атырау облысында - 302,
- Шығыс Қазақстан облысында - 173,
- Жамбыл облысында - 225,
- Батыс Қазақстан облысында - 58,
- Қарағанды облысында - 860,
- Қостанай облысында - 272,
- Қызылорда облысында - 97,
- Маңғыстау облысында - 242,
- Павлодар облысында - 312,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 131,
- Түркістан облысында - 51.
Қазақстанда 7 184 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 628,
- Алматы қаласында - 1390,
- Шымкент қаласында - 891,
- Ақмола облысында - 263,
- Ақтөбе облысында - 336,
- Алматы облысында - 308,
- Атырау облысында - 544,
- Шығыс Қазақстан облысында - 70,
- Жамбыл облысында - 220,
- Батыс Қазақстан облысында -54,
- Қарағанды облысында - 1126,
- Қостанай облысында - 149,
- Қызылорда облысында - 203,
- Маңғыстау облысында - 223,
- Павлодар облысында - 419,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 137,
- Түркістан облысында - 223.
Елімізде барлығы 623 000 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Вакцинаға келсек, 2021 жылғы 23 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 413 010 адам, 2-компонентін 5 070 640 адам салдырды.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
- "Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!