23 тамыз 2021 08:20

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайлары айтарлықтай азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. Бұған дейінгі тәулікте 6725 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 7 117 адамнан коронавирус анықталған еді.


Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. Бұған дейінгі тәулікте 6725 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 7 117 адамнан коронавирус анықталған еді.

"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 22 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 743 220 жетті", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 650,
  • Алматы қаласында - 1615,
  • Шымкент қаласында - 147,
  • Ақмола облысында - 278,
  • Ақтөбе облысында - 382,
  • Алматы облысында - 408,
  • Атырау облысында - 310,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 158,
  • Жамбыл облысында - 191,
  • Батыс Қазақстан облысында - 93,
  • Қарағанды облысында - 913,
  • Қостанай облысында - 291,
  • Қызылорда облысында - 124,
  • Маңғыстау облысында - 219,
  • Павлодар облысында - 320,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 159,
  • Түркістан облысында - 56.

Қазақстанда 5 097 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 414,
  • Алматы қаласында - 1376,
  • Шымкент қаласында - 167,
  • Ақмола облысында - 256,
  • Ақтөбе облысында - 20,
  • Алматы облысында - 424,
  • Атырау облысында - 469,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 67,
  • Жамбыл облысында - 57,
  • Батыс Қазақстан облысында - 32,
  • Қарағанды облысында - 1003,
  • Қостанай облысында - 46,
  • Қызылорда облысында - 150,
  • Маңғыстау облысында - 252,
  • Павлодар облысында - 136,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 85,
  • Түркістан облысында - 143.

Елімізде барлығы 615 816 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 22 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 369 263 адам, 2-компонентін 5 013 064 адам салдырды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети