02 наурыз 2022 21:27

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рrimeminister сайтына сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рrimeminister сайтына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, жедел штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады.

Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастықтарының өкілдері және салалық сарапшылар кірді.

Сонымен қатар, жедел штабтың бұдан кейінгі жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады.

Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети