1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда дельфинарийлер жабылуы мүмкін24 тамыз 2020, 14:30

Фото: gintur.com Фото: gintur.com

Елімізде қазақстандық зооқорғаушылар ұсынған дельфинарийлерді жабу туралы үндеу қаралады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дельфин қорғаушыларының дельфинарийлердегі олардың жағдайы мен ұстау мәселесі туралы алаңдаушылығын түсіне отырып, Экология министрлігі "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы аясында делфинарийлерді жабу мәселесін қарастыруға дайын.

Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Оны сапаршылармен бірге қарап, халықаралық тәжірибені ескеру керек. Заң жобасында гуманизмнің негізгі қағидалары бар", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін табиғатты қорғаушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, жануарларды босатуды сұраған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!