03 мамыр 2022 10:14

Қазақстанда депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың маусымына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және мамырдағы деңгейде сақталды", - делінген хабарламада. 

Қор мәліметінше, 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылаған. 

Еске салайық, 25 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1,00 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14 пайызға дейін көтерген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети