Қазақстанда дизель отынының бағасын реттелмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай бұйрық ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында 4 тамызда жария болды.
Қазақстанда дизель отынының бағасын реттелмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай бұйрық ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында 4 тамызда жария болды.
Бұйрық бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күн өткенде күшіне енеді, яғни 7 тамыздан бастап Қазақстанда дизель отынының бағасы өзгереді.
Айта кетейік, мемлекеттік баға реттеуі бекітілетін мұнай өнімдерінің тізімі АИ-80 маркалы бензиніне ғана таралады.
Осыған дейін мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда дизель отынының бағасы шамамен қанша болатыны айтылған еді. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, ведомстводағылар дизель отынының бағасын реттеу туралы бастаманы өз қолына алып отыр. Сонымен қатар, ол бүгінде Қазақстанда 200 мың тоннаға жуық дизель отыны бар екенін айтып өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп екен. Айта кетейік, бұл бастаманы Қазақстан жанармай ассоциациясының өкілдері де қолдады.