28 шілде 2016 14:12

Мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда дизель отынының бағасы шамамен қанша болатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда дизель отынының бағасы шамамен қанша болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда дизель отынының бағасы шамамен қанша болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз нарықтағы бағаны ретке келтіру мақсатында дизель отынының бағасын қайта реттеу туралы шешімді қолдаймыз. Біздің ойымызша, ең ауыр кезең қыркүйек айы болмақ. Себебі қыркүйекте екі зауытта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нарық тұрақталуы керек. Қыркүйекте мүмкін бөлшек сауда бағасы литрына 115 теңгеге жоғарылайды. Біз қазір келіссөздерді жүргізіп жатырмыз", - деді "Петросан" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Нұржан Сартбаев.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, ведомстводағылар дизель отынының бағасын реттеу туралы бастаманы өз қолына алып отыр. Сонымен қатар, ол бүгінде Қазақстанда 200 мың тоннаға жуық дизель отыны бар екенін айтып өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп екен. Айта кетейік, бұл бастаманы Қазақстан жанармай ассоциациясының өкілдері де қолдады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети