Қазақстанда доллар 7 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда доллар 7 теңгеге қымбаттады Сурет:depositphotos.com

28 мамырда Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы қалай өзгергені белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 мамырда Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы қалай өзгергені белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,54 теңгеге көтеріліп, 485,55 теңге болды. Ұлттық банктің 28 мамырдағы ресми бағамы 477,48 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

Жарнама
Жарнама
  • сатып алу – 482,37 теңге;
  • сату – 486,04 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – орта есеппен 481,00 теңге;
  • сату – 488,00 теңге.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Кейін реттеуші басшысы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк жақын болашақта базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банкте сәуір қорытындысы бойынша теңге бағамы 3,1 пайыз нығайып, бір долларға шаққанда 463,09 теңгеге дейін жеткенін айтты. Бұл БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 40 пайыздық деңгейден төмендеуіне әкеп соқты. Теңгерімді қалпына келтіру үшін реттеуші биржадан жарты миллиард доллардан астам сомаға шетел валютасын сатып алды.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинақтарының кірістілігі нөлге дейін төмендеді: БЖЗҚ себебін атады

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама