30 маусым 2020 18:39

Қазақстанда электр энергиясының шекті бағасы өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде электр энергиясы қымбаттайды. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елімізде электр энергиясы қымбаттайды. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрық 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 34-інде тариф ұлғайғанын, тоғызында бұрынғы деңгейде сақталғанын, ал біреуінде төмендетілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау шамамен 27 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.

"2020 жылы энергия өндіруші ұйымдардың шығындары оларға байланысты емес себептер бойынша (отын сатып алу, ЖЭК сатып алу көлемі, бюджетке төлемдер және жүйелік оператордың қызметтері) ұлғайды. Сонымен қатар, станциялар жылдан жылға тозып жатыр, қазіргі уақытта шамамен 60 пайызы ескірген. Осыған байланысты электрмен жабдықтау сапасына қауіп төніп тұр.

Бұл жағдай қазақстандық тұтынушыларды көрші елдерден электр қуаттарын реттеу жөніндегі қызметтерді жылына 8 миллиард теңгеден аса сомаға сатып алуға итермелеп отыр, бұл да электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. Оларды қарау кезінде министрлік әр жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Болжам бойынша, шекті тарифтер өзгерген кезде статистикалық орташа пәтерлер бойынша тұтынушылар үшін электр энергиясын төлеуге арналған орташа чек (электр плиталары бар пәтерлерді есептемегенде, орташа тұтыну көлемі айына 170-220 киловатт-сағат болатын екі немесе үш бөлмелі) ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден аспайтын шамаға төртінші тоқсаннан ерте емес уақытта ұлғайтылуы мүмкін. 

Төменде өзгертілген шекті бағалардың кестесі көрсетілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети