Қазақстанда электронды үй кітапшасы іске қосылды

22 Қазан 2018, 16:08
0
Қазақстанда электронды үй кітапшасы іске қосылды -

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірігіп eGov.kz порталында "Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру" жаңа қызмет түрі іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҰАТ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Енді жылжымайтын мүлік иесінің баспанада тіркелген тұлғалар туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Бұл дегеніңіз, пәтер/үй иесі оның пәтерінде/үйінде тіркелген барлық тұлғалар туралы ақпаратты бір анықтама арқылы алады деген мағынаны білдіреді.

"Осы қызметті пайдалану үшін түрғын үй иесі eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік - Тұрғын үй қатынастары" бөлімінде қызметті таңдап, оған тапсырыс береді, кейін көрсетілген тізімнен жылжымайтын мүліктің тиісті объектісін тауып, SMS-пароль немесе ЭЦҚ арқылы тапсырысын растайды", - делінген хабарламада.

Таңдалған жылжымайтын объектісі бойынша тіркелген жеке тұлғалардың тізімі қоса берілген мекенжай анықтамасы тапсырыс берілген қызмет түрінің нәтижесі болып табылады. Қызметтің тегін көрсетілетіні және қызмет көрсету уақыты 15 минуттан аспайтыны айтылып отыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай