01 сәуір 2016 12:36

Қазақстанда ең сұлу әскери әйелдер таңдалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

"Батыр арулар" байқауына дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Батыр арулар" байқауына дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандықтардың Қарулы Күштерде қызмет етіп жүрген әскерилердің 12 үздік өкілін өздері таңдауына жақсы бір мүмкіндік туып отыр. Бүгін, 1 сәуірде "Батыр арулар" байқауының қатысушыларына онлайн дауыс беру басталды.

"Дауыс беру Қорғаныс министрлгінің ресми сайтында өткізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштері әскерилерінің 12 үздік өкілі анықталады. Байқау Қазақстандағы қыз-келіншектердің әскери қызметін жария ету үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

2016 жылы "Батыр арулар" байқауына 200-ден аса өтінім қабылданды. Оның ішінде байқаудың техникалық талаптарына сәйкес келген 80 сауалнама іріктелінді.

Назарларыңызға байқауға қатысушыларды ұсынамыз.


Айнұр Әбуғалиева


Лаура Асылханова 


Эльвира Аязбаева 


Раушан Бердікеева 


Айым Буткова 


Айдана Ғазизова 


Динара Игібаева 


Лаура Іскендірова 


Есения Маркштедер 


Айжан Мұсаева 


Гүлжаухар Найзабекова 


Камила Нұртазина 


Гүлмира Полатбек 


Меруерт Құдайбергенова 

"Батыр арулар" - бұл қоғам үшін жақсы резонанс туғызған әйел әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш республикалық байқау. Әскери қызмет - мен үшін мәртебе және мақтаныш сезімі, біз ерлермен бірге иық теңестіре отырып, өмірімізді Отанға қызмет етуге сарп еттік. Мен бұл байқаудың үйымдастырылып, өткізілуіне себепкер болған Қорғаныс министрлігінің басшылығына шексіз алғысымды білдіремін. Бұл байқау бізге қарым-қабілетіміз бен кәсіпке деген ықыласымызды көрсетуге жақсы мүмкіндік берді", - деді "Батыр арулар - 2015" байқауының жеңімпазы аға лейтенант Әлия Хайрулина. Байқау қатысушыларына жүктелген тапсырмаларды сәтті орындай алатынын, сондай-ақ далалық жағдайларда жауынгерлік айла-тәсілдер мен сабақтарды өткізе алатынын дәлелдеуге тура келеді.

"Бұл байқау мен үшін маңызды болды. Басқа байқаулардан ерекшеленетін әскери қызметшілер арасындағы бірден-бір конкурс осы. Осынау байқауда мен тәжірибе жинақтап, дене даярлығымның қандай деңгейде екенін аңғардым. Мен барлық конкурсанттарға сәттілік және жеңіс тілеймін", - деді "Батыр арулар - 2015" байқауының жеңімпазы сержант Ботагөз Мұсаева.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети