07 наурыз 2019 12:05

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бағаның өсуімен ілесе алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dvinatoday.ru © dvinatoday.ru

Ақпанда баға 4,8 пайызға, ал күнкөріс минимумы 4,2 пайызға жоғарылады, - деп хабарлайды Finprom.kz.


Ақпанда баға 4,8 пайызға, ал күнкөріс минимумы 4,2 пайызға жоғарылады, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанның тек бес өңірінде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден асты.

Биыл ақпан айының соңында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы жылына 4,2 пайызға өсіп, 27,1 мың теңге болды. Айта кетейік, бір жыл бұрын ҚР-да ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері 26 мың теңгеге, ал бір жыл ішінде өсім - 17,1 пайызға көтерілген еді.

Азық-түлік себетінің көлемі - 14,9 мың теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 55 пайызы), азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер -12,1 мың теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 45 пайызы) болды.

Бұл ретте тауарлар мен қызметтердің бағасы ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарағанда жылдам өсуде: ақпан айының соңына қарай баға жылына 4,8 пайызға, оның ішінде азық - түлік тауарларына - 6,6 пайызға, азық-түлік емес тауарларға - 6,2 пайызға өсті.

2019 жылы ақпан айының соңында тек бес өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден асып түсті: Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық мәннен 23,3 пайызға, Астанада - 13,5 пайызға, Алматыда - 11,4 пайызға, Алматы облысында - 1,6 пайызға, ШҚО - 1,1 пайызға артты.

Осылайша, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орташа жан басына шаққанда Маңғыстау облысында байқалады: 33,4 мың теңге (бір жыл бұрын - 31,3 мың теңге). Екінші орында Астана: 30,8 мың теңге (бір жыл бұрын 30 мың теңге). Күн көрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 30,2 мың теңгені (бір жыл бұрын - 29,4 мың теңге) болды.

Павлодар облысында да ең төмен күнкөріс деңгейі байқалады: 23,9 мың теңге, орташа республикалық мәнмен салыстырғанда 11,7 пайызға аз.

Ең төменгі күнкөріс мәні бар өңірлердің үштігіне Жамбыл (24,4 мың теңге) және Батыс Қазақстан (24,8 мың теңге) облыстары кірді.

13 жасқа дейінгі балалар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 21,8 мың теңге, бір жыл бұл көрсеткіш сомасы 21 мың теңгеге тең болған еді. 

18 жастан асқан ерлер үшін көзделген ең төменгі күнкөріс деңгейі 32,2 мың теңгеге тең (бір жыл бұрын - 30,9 мың теңге). 18 жастан асқан әйелдер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына келетін болсақ, ол 25,6 мың теңге мөлшерінде (бір жыл бұрын - 24,5 мың теңге) белгіленді.

Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні - 25,4 мың теңге (бір жыл бұрын-24,3 мың теңге). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети