Қазақстанда ескі көліктерді қабылдайтын зауыттар салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ескі көліктерді қабылдайтын зауыттар салынады © REUTERS

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлей отырып, автокөліктерді толықтай қайта шығаратын бірнеше зауыттың салынатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлей отырып, автокөліктерді толықтай қайта шығаратын бірнеше зауыттың салынатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оператор РОП" ЖШС стратегиясына сәйкес, үш зауыт салынады деп жоспарланып отыр. Біріншісі Астана мен Қарағанды аумағында, екіншісі Алматыда, ал үшінші зауыт Шымкентте. Ескі көліктер осы қалалардың әрқайсысында бір-бірден қабылданады. Вице-министрдің айтуынша, бірінші зауыт жарты жылдың ішінде ашылады.

"Мысалы, Жапонияда жеті жылдан аса қолданылған көлікпен жүру тиімсіз. Себебі ол көліктерге деген техникалық тексеру мен басқа да қызметтердің төлемі өседі. Жапондарға одан гөрі жаңа көлік ала салған тиімдірек. Ал өткізілген көліктер қосымша айналымға түседі. Бұл біздің түпкі мақсатымыз. Біз осы мақсатқа жету үшін жұмыс істеуіміз қажет", - деді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау. 

Еске салайық, осыған дейін елімізде ескі көліктердің 315 мың теңгеден қабылдана бастағаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл бағдарлама екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі 2016 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл кезде тек жеңіл көліктер қабылданатын болады. Ал бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін автобустар, шағын автобустар және жүк көліктері қабылданатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети