02 қыркүйек 2016 10:20

Елімізде ескі көліктер 315 мың теңгеден қабылдана бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© njcar.ru © njcar.ru

Қазақстанда 2016 жылдың қазан айында ескі көліктердің орнына сертификат беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Kolesa.kz тілшілері бұл жобаның мән-жайын білді.


Қазақстанда 2016 жылдың қазан айында ескі көліктердің орнына сертификат беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Kolesa.kz тілшілері бұл жобаның мән-жайын білді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл бағдарлама екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі 2016 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл кезде тек жеңіл көліктер қабылданатын болады. Ал бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін автобустар, шағын автобустар және жүк көліктері қабылданатын болады.

Айта кетейік, бұл жобаға қатысушылардың көліктері кем дегенде алты ай уақыт қолданыста болуы керек. Басылымның мәліметінше, көлікке мынандай талаптар қойылады:

1. шанақ (шасси);
2. есіктер;
3. капот, жүксалғыштың қақпағы;
4. қозғалтқыш;
5. радиатор;
6. беріліс қорабы;
7. аккумулятор;
8. дөңгелектері;
9. аспап-құралдар панелі;
10. орындықтар.

Осы жағдайда ғана көлік иелері 315 мың теңге көлемінде төлемақы ала алады. Айта кетейік, әзірше жобаның екінші кезеңінде жүк көліктері мен автобустардың қалай бағаланатыны айтылмады.

Сондай-ақ, сертификаттардың саны шектеусіз екені айтылады. Ең қызығы, сертификаттарды сатуға және басқа бір адамға қолдануға беруге мүмкіндік бар. Тек оны өз атына тіркеуі қажет екен.

Басылымның мәліметінше, осыған дейін бұл жобаға импортталған көліктерді де қатыстыру ұсынылған. "Алайда отандық өнімнің пайдасын арттыру үшін мұндай ойдан бас тартқан көрінеді.

Ескі көліктерді қабылдайтын пункттерге келетін болсақ, оны Қазақстанның әрбір облыс орталығында ашу жоспарланып отыр. Жобаға қатысу үшін көлік иесі көлігін қажетті пунктке немесе дилерлік орталыққа жеткізіп, қажетті өтініш жазу керек. Сондай-ақ, төлемақы алуға келісімшарт жасасып, құжаттарды жинауы қажет болады. Ал кейінірек қабылданатын көлік тексерістерден өткізіледі. Сосын ғана көлік иесіне сертификат берілетін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети