Қазақстанда ескі көліктерді өткізу оңай болады

28 Желтоқсан 2016, 17:27
0
Қазақстанда ескі көліктерді өткізу оңай болады -

Қазақстанда ескі көліктерді өткізу барысын жеңілдету жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ӨКМ операторы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен біріге отырып, жоюға арналған көліктерді есептен шығарудың бірыңғай формасын келісу мен бекіту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы болу үшін ӨКМ операторы ҚР Әділет министрлігімен және Республикалық нотариалды палатасы ескі көлікті өткізуге арналған бірыңғай сенімхат енгізеді. Аталған өзгерістер ескі көліктерді өткізу барысын жеңілдетеді.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидаты - (ӨКМ) іске асырылып отыр. ҚР Үкіметінің қаулысымен ӨКМ Операторы болып ЖШС "ӨКМ Операторы" компаниясы анықталған.

Оператордың функцияларына төмендегілер кіреді: өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері таралатын өнімнің (тауардың) тұтынушылық қасиетін жоғалтқаннан кейін қалыптасатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру. Импорттаушылардың (өндірушілердің) кеңейтілген міндеттемелері төмендегілерге таралады: 1) Көлік құралдарына: М1 категориясындағы, N1, N2, N3 категориясындағы жүк автомобильдері, М2, М3 категориясындағы көлік құралдары, сондай-ақ аталған категориялардағы G категориясының жоғары өтімділігі. 2) Көлік құралдарының компоненттері: шиналар, доңғалақ тыстар, электр аккумуляторлары, мотор майлары, тежеуіш сұйықтықтары, антифриздер және мұздануға қарсы дайын сұйықтықтар. Өнімдердің толық тізімі ҚР Энергетика министрлігінің 28.01.2016 ж. №27 бұйрығымен бекітілген.

Еске салайық, осыған дейін елімізде ескі көліктердің 315 мың теңгеден қабылдана бастағаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл бағдарлама екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі 2016 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл кезде тек жеңіл көліктер қабылданатын болады. Ал бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін автобустар, шағын автобустар және жүк көліктері қабылданатын болады.

Кейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлей отырып, автокөліктерді толықтай қайта шығаратын бірнеше зауыттың салынатыны жайлы айтқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай