16 қараша 2023 | 17:28

Қазақстанда ескі үлгідегі 5 мыңдық банкноттар айналымнан алып тасталуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноттар айналымнан алып тасталуы мүмкін. Ұлттық банктің қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноттар айналымнан алып тасталуы мүмкін. Ұлттық банктің қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 2011 жылғы үлгідегі айналыстағы номиналы 5 000 теңгелік банкноттары (ескі үлгідегі банкнот) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 2023 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналы 5 000 теңгелік банкноттарына (жаңа үлгідегі банкнот) ауыстыру басталсын.

2023 жылғы 25 желтоқсаннан 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін ескі үлгідегі банкноттар мен жаңа үлгідегі банкноттардың қатар айналыс кезеңі белгіленсін", - делінген қаулы жобасында.

Бұл ретте жаңа үлгідегі банкноттар мен ескі үлгідегі банкноттар қатар айналыс кезеңінде заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдардың барлық түрлерін жүзеге асыру, банктік шоттарға есептеу үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Ұлттық пошта операторының барлық филиалдарында, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer