01 қазан 2020 08:07

Қазақстанда ет қымбаттауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Түркістанда мал базары алты айдан бері жабық тұр. Салдарынан Қазақстанда ет қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Түркістанда мал базары алты айдан бері жабық тұр. Салдарынан Қазақстанда ет қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Елдегі ең ірі "тірі" базарлардың бірі карантин салдарынан бірнеше ай бойы жабық тұр. Фермерлер сауда орындарында мал сатып ала алмайды не сата алмайды. Адамдар оны үйде ұстап отырып, шығынға батып жатыр.

Қарабұлақ ауылындағы мал базардың жанына күнде ондаған сатушы жиналады. Олар базарды ашады деген үмітпен келеді. Себебі жарты жылдан бері базар жабық тұр.

"Несиелеріміз бар. Әрең төлеп отырмыз. Біз мал сатумен ғана айналысамыз. Отбасымызды да осылай асыраймыз. Енді мұнда жұмыс жоқ. Жұмыс істейін десең не фабрика, не зауыт жоқ. Бұл базар Қазақстандағы ең ірі мал базар еді, 7 мыңға дейін мал сыятын. Еліміздің әр түкпірінен жылқы, сиыр, қой әкелетін. Қазір базар жабық тұрған соң саудагерлер шығынға батып жатыр", - деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Бахадыр Мамасалиев.

Тараздық кәсіпкер Ержан Тоғысбектің ойынша, бұл жағдай ет бағасына әсер етеді.

"Бәрі қымбаттайды. Себебі енді біз бұл жерден малды арзан бағаға сатып ала алмаймыз. Бұл негізгі базар еді, бірақ ол жабық тұр", - деді ол. 

Мал базардың әкімшілігі де 6 айдан бері табыссыз отыр. Директордың айтуынша, мәселені аудан басшыларымен шешуге тырысқан, алайда теріс жауап алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети