02 мамыр 2017 11:09

Қазақстанда фрилансерлер саны артып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© psychologos.ru © psychologos.ru

2015 жылдан бастап Қазақстанда уақытша жұмысқа тұрғандар саны артып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz басылымына сілтеме жасап. Бір жыл ішінде мұндай жұмысшылар саны 9 мыңға немесе 4 пайызға, ал 2016 жылы 215 мыңға жеткен. 

Осының нәтижесінде жалдамалы жұмысшылар қатарында фрилансерлер саны 3,3 пайыздан 3,4 пайызға жеткен. 

2015 жылы қала тұрғындары арасында фриланстан фул-таймға өткендер саны көп еді, алайда, 2016 жылы көпшілік қайтадан уақытша жұмысқа ауысты. Ал ауылдық жерлердің тұрғындары керісінше, уақытша жұмыстан гөрі тұрақты жұмысты қалайды. 

Еске салайық, 2017 жылдан бастап Қазақстанда Өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылады. 

Мемлекеттік бағдарлама арқылы қазақстандықтар бизнес ашуға 16 миллионға дейін кредит ала алады. Еліміздің әрбір өңірінде жаппай, соның ішінде отбасылық бизнесті дамытуға арналған шаралар кешені ұсынылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети