05 қараша 2015 15:32

Қазақстанда ипотеканы доллармен беруге тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Бүгiн ҚР Парламентi Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші және екiншi оқылымда қарастырып қабылдады, - деп хабарлайды strategy2050.kz

Аталған құжат Қазақстанда қарыз алушы жеке тұлғаның есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу қолда бар немесе түсетiн ақшаның 50 пайызынан артық болмауын қарастырады. 

"Заң жобасында Қазақстан Республикасының 8 Кодексiне және 35 Заңына өзгерiстер енгiзу көзделедi. Мыналар заң жобасының негiзгi бағыттары: бiрiншiден, борыштық жүктеменi төмендету және банк көрсететiн қызметтердiң айқындылығын арттыру арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту; екiншi, қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету; үшiншiден, капитал нарықтарын және исламдық қаржыландыруды дамыту", - делінген хабарламада. 

Борыштық жүктеменi төмендету арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту аясында заң жобасында мынадай жаңалықтар бар: валютамен кiрiсi жоқ жеке тұлғаға шетел валютасында ипотекалық қарыздар беруге тыйым салу, төлемдердiң мерзiмi бойы өтiп кеткен кезде бiрiншi кезекте мерзiмi өткен негiзгi борышты және соңғы кезекте тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдарды өтеу.

"Заң жобасымен "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" ҚР Салық кодексiне жаңа алым түрi - ҚР-да шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бергенi және ұзартқаны үшiн алымды енгiзу бөлiмiнде толықтыру енгiзiледi. 

"Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота халықтың экономикалық белсендiлiгi есебiне емес, сала бойынша қалыптасатын болады. Қорытынды бойынша қай салада қай шетелдiк бiлiктi маман тартылатыны белгiлі болады. Жұмыс берушiлерге рұсат беру идеологиясы толық қайта қаралды. Ендi мұндай рұқсат берулер үшiн мемлекет бюджетiне салық алынатын болады", - дедi ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова. 

Қазақстанға келген шетелдiк мамандар бiліктiлiгiнiң сәйкестiгi туралы анықтама негiзiнде 3 ай iшiнде өз бетiнше жұмысқа орналасуға мүмкiндiк алады. Аталған өзгертулер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети