Биыл төрт айда 29 қазақстандық блогердің әлеуметтік желідегі ақпараттың дұрыстығы тексерілді. Бұл туралы "Ауыл" партиясының депутаттық сауалына жауап берген бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл төрт айда 29 қазақстандық блогердің әлеуметтік желідегі ақпараттың дұрыстығы тексерілді. Бұл туралы "Ауыл" партиясының депутаттық сауалына жауап берген бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокурордың айтуынша, биыл төрт айда ішкі істер органдары блогерлердің әлеуметтік желілерде Қылмыстық кодекстің 274-бабы жалған ақпарат тарату фактілері бойынша 29 соталды тергеуді анықтаған.
"Оның ішінде тек бір іс сотқа жіберілді. Қылмыс анықталмағанына байланысты 8 іс тоқтатылды. Қосымша тағы 8 қылмыстық іс бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі тоқтатылды (қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлға анықталмады). Қазіргі таңда 12 іс қаралып жатыр", - деп түсіндірді Берік Асылов.
Әлеуметтік желілердің мониторингін Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жүргізеді. Басылымдарда заңбұзушылықтар анықталған жағдайда оларды ішкі істер министрлігіне жолдайды.
"Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына жолдауында ел мүддесін ескеру қажеттігін айтып өтті. БАҚ саласының даму тенденциялары, осы саладағы заңнаманы қайта қарай отырып, осы тапсырманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен келісілген және ҚР Парламенті Мәжілісінде "Интернет-платформалар және интернет-жарнама туралы" заң жобасы әзірленді", - деді Бас прокурор.
Заң жобасының негізгі мақсаты – онлайн-жарнаманың жұмыс істеуінің, сондай-ақ онлайн платформалар қызметінің құқықтық негіздерін айқындау. Заң түсінігінде блогер дегеніміз - адамдардың белгісіз тобына бағытталған және өзінің жеке және өзге де қоғамдық мақсаттарына қол жеткізуге арналған, оның ішінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратты онлайн-платформаларда тарататын тұлға.
Асылов жалған ақпарат тарату фактілерінің өзектілігі артып келе жатқанын, сондықтан мұндай бұзушылықтарда қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, әкімшілік жауапкершілікті енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
"Егер бұл заң жобасы қабылданса, интернет кеңістігінде жалған ақпараттың таралуына тиімді қарсы тұру үшін қажетті жағдай жасалады", - деп айтты Берік Асылов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!