Қазақстанда жаңа аудан құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа аудан құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген қаулыда.

Тоқаев Үкіметке осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Кентау қаласы мен оның ауылдық округінің тұрғындары жаңа аудан құру туралы бастаманы қолдағаны хабарланған болатын.

Орта ғасырларда Сауран Тарихи қалашығы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ежелгі Түркістанмен байланысты болған.

Айта кетейік, Түркістан облысы 2018 жылдың маусым айында қайта құрылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети