15 наурыз 2021 13:55

Түркістан облысындағы жаңа аудан туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында Сауран деп аталатын жаңа аудан құрылды. Өңірлік әкімдік аудан туралы бірнеше дерек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында Сауран деп аталатын жаңа аудан құрылды. Өңірлік әкімдік аудан туралы бірнеше дерек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, Сауран ауданының құрамына 12 ауылдық округ кіреді: Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Ясы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Жібек жолы, Майдантал және Шорнақ. Олардың барлығы бұрын Кентау қаласының құрамына кірген.

Ауданның әкімшілік орталығы Шорнақ ауылы болады. Ол облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Қазір бұл елдімекенде 12 мың адам тұрады. Ауданда жалпы халық саны 100 мың адамнан асады.

Сауран ауданының жалпы ауданы шамамен 650 мың гектар. Жаңа ауданды құруға байланысты барлық іс-шараны арнайы комиссия жүзеге асырады. 

"Жаңа ауданға рухани мұрадағы қасиетті ұғымға айналған Сауран атауын беру ұйғарылды. Орта ғасырларда Сауран тарихи қалашығы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ежелгі Түркістанмен тығыз байланысты болған. XIII ғасырдың ортасында Сауран Ақ Орданың астанасы болды", - деп хабарлады Түркістан облысының әкімдік өкілі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы қаулыға қол қойғаны хабарланған еді. Өңірде жаңа, 14-ші аудан құрылды. Айта кетейік, мұнда облыстық маңызы бар үш қала - Түркістан, Арыс және Кентау орналасқан.

Еске салайық, 2018 жылдың жазында Түркістан облысында екі аудан - Жетісай мен Келес аудандары құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети