30 қазан 2023 10:17

Қазақстанда жаңа институт пайда болады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа институт құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап


Қазақстанда жаңа институт құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап

Ведомство мәліметінше, мекеме Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты деп аталмақ. Министрлік тиісті қаулы жобасын әзірлеп қойған.

"Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.

Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық аймағы бойынша объектив және тәуелсіз ақпарат беретін болады", - деп хабарлады СРИМ.

Алынған мәлімет мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болатыны атап өтілді. Ғылыми ұйымның құрылуы да Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети