10 сәуір 2020 10:19

Қазақстанда жаңадан коронавирус анықталған адамдар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жаңа адамдардың жағдайын Мемкомиссияның жедел штабы өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирус жұқтырған жаңа адамдардың жағдайын Мемкомиссияның жедел штабы өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында коронавирустан тағы екі жағдай тіркелді, бұл 40 жастағы екі әйел. Барлығы бұрын коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық талдау алынды.

Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша, COVID-19 анықталды.

Бекітілген хаттамаға сәйкес ем шаралары жүреді. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр.

Төрт оқиға Шымкент қаласында тіркелген. Барлығы бұрын коронавируспен ауырған адаммен байланыста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық талдаулар алынды. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталады, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Батыс Қазақстан облысында инфекция табылған екі оқиға тіркелді. Екеуі де-Өзбекстан Республикасының 25 және 27 жастағы азаматтары, олар жүк тасымалымен айналысады. 

"Екі оқиға да РФ Самара облысымен шекарадағы "Сырым" бекетінің автоөткізгішінде анықталды. Санитарлық-карантиндік өткізу пунктінде эпидемиологтар сауалнама және дистанциялық термометрия жүргізген кезінде азаматтардың бірінің дене қызуы көтеріліп тұрған. Іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, олар оқшауланып, жедел жәрдем шақырылды.

Барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізілді, онда коронавирус инфекциясына талдау алынды. Нәтижесінде, COVID-19 диагнозы анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта екеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеке бокстарға ауыстырылды. Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Атырауда вирус жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Олар 23 және 73 жастағы екі әйел және 31 жастағы бір ер адам.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети