07 қараша 2014 20:03

"Қазақстанда жасалған" логотипі байқауына 200-ден астам эскиз келіп түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©NADLoC баспасөз қызметі ©NADLoC баспасөз қызметі

Қазақстанда жасалған тауарлардың логотипін жасау байқауына 200-ден астам эскиз келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің (NADLoC) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жасалған тауарлардың логотипін жасау байқауына 200-ден астам эскиз келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің (NADLoC) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Эмблеманың бірінші ерекшелігі - бұл тауарды нарықта жайғастырудың әмбебап құралы екендігінде. Тұтынушы қандай жағдай болмасын көзбен көрген образды есте сақтайды, сондықтан біз қазақстандық өндірушілердің елде және шет елдерде танылатын бірыңғай логотипі болғанын қалаймыз, - деді NADLoC басқарма төрағасы Қайрат Бектұрғанов. Ол Қазақстанда өндірілген тауарлардың логотипін жасауға арналған байқаудың комиссия отырысын басқарды.

Байқау комиссиясы елдің барлық аймағынын келіп түскен 200 жұмысты қарастырды. Авторлардың қатарында студенттер, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, дизайнерлер, жарнама агенттіктері, дәрігерлер, редакторлар, ұлттық компания менеджерлері, инженерлер мен типография жұмысшылары болды. Қатысушылардың орташа жасы - 30, ең жасы - 13-те болса, ең үлкені - 66 жаста.

Алдын ала дауыс беруде комиссия алқасы жетілдіруді қажет ететін бірнеше жобаны анықтады. "Біздің елде өндірілетін тауарларға бірыңғай белгі жасау қазақстандық тауарлар үшін үлкен маңызы бар, бұл дегеніңіз ішкі және бәрінен бұрын сыртқы нарықтағы компаниялар үшін маңызды деген сөз. Мұнымен қатар, көптеген сарапшылардың айтуынша, ел брендінің ажырамас әрі айтарлықтай бөлігі. Осындай байқаулар әлемнің көп елдерінде өткізілді, енді қазақстандық тауарлардың бірыңғай эмблемасы болатынына өте қуаныштымын", - деді Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Болат Сүгірбаев.

Комиссия құрамында мәдениет қайраткерлері, суретшілер, мемлекеттік орган өкілдері, тауар белгісі ұйымдары, мұражайлар мен ұлттық галереялардың жетекшілері бар. 

Ұйымдастырушылар байқауға қатысып жатқан эскиздерді әзірше жарияламайды, себебі бұл үлгілерді біреулер қолданып қоюы мүмкін.

Айта кетейік, отандық тауар, жұмыс, қызмет нарығын дамыту мақсатында болашақта отандық компаниялар өндіретін өнімге қолдану үшін логотип (эмблема) жасауға байқау ұйымдастырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети