Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді Фото ©РИА Новости

Соңғы жарты жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы жарты жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы жастар арасында 75,7 мың жұмыссыз болды. Бұл 2020 жылдың бірінші тоқсанынан 4,1 пайызға аз. Сондай-ақ, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі былтырғымен салыстырғанда 1,2 пайызға төмендеді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8-ден 3,7 пайызға дейін төмендеді. Қыздар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыз, жігіттер арасында 3,2 пайыз болды.

Жұмыссыз жастардың көпшілігі Алматыда тұрады - 14,1 мың адам. Көшбасшылар қатарында Алматы облысы (8,5 мың адам) және Нұр-Сұлтан (7,7 мың адам) бар.

Бір айдан аз уақытта жастар арасында жұмыссыздардың 21,2 пайызы, 1 айдан 3 айға дейін - 27,7 пайызы жұмыс іздейді.

Жарты жылдан бір жылға дейінгі уақытта жұмыссыз жастардың 16,8 пайызы жұмыс таба алмайды және бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 23,4 пайызға өсті. Сонымен қатар, бір жылдан аса уақыт жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жігіттер мен қыздардың саны бірден 55,5 пайызға өсті.

Еске салайық, жыл басынан бері 47 мың қазақстандыққа жұмысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы алғаш рет тағайындалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети