01 қыркүйек 2022 15:22

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақша мектеп құрылысына жұмсалады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақша мектеп салуға жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақша мектеп салуға жұмсалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты.

"Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысы орта білім беру сапасы табысты ұлт болудың маңызды шарты екенін атап өтті.

"Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз", - деді ол.

Президенттің айтуынша, бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.

"Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети