01 қыркүйек 2015 | 12:43

Қазақстанда жергілікті полиция 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жергілікті полиция 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы ОҚҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жергілікті полиция 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы ОҚҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жергілікті полиция қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді деген болжам бар. Біз нақты тапсырма алған жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, Парламент бүгін ғана жұмысқа кірісті. Жақын арада жұмыс тобы құрылады, оған бұл жобаға қызығушылық танытқан ведомстволардың қызметкерлері кіреді. Олар осы заң жобасымен айналысады", -деді Лепеха.

Әкімшілік полиция комитеті басшысының айтуынша, Жергілікті полиция қызметі туралы заң жобасының концепциясына сәйкес, оның құрылымына келесі бөлімдер кіреді: учаскелік полиция инспекторы және олардың көмекшілері, ювеналды полиция, аймақтық бөлімшелер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі, тұрғылықты жері жоқтарды және әкімшілік жазаланғандарды қабылдау-тарату бөлімшесі.

Лепеханың айтуынша, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдары құрылымында қалады. "Оның қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірыңғай құқықтық статусына ие болады. Сондықтан да, қызметкерлер полицейлерге қарастырылған барлық жеңілдіктерге ие болады", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

Игорь Лепеха жергілікті полиция қызметі басшыларының мерзімді түрде есеп беріп отыратындарын айтты. "Ең басты міндет - бұл қызметке халықты жақындату. Олар халық пен мәслихаттың алдында есеп беретін болады. Жылына кемінде екі рет жергілікті полиция мәслихаты өткізіледі", - деді Лепеха. Ол бөлімшелер мен департаменттердің қызметкерлері жергілікті полиция қызметіне кіретінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети