Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6 пайызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6 пайызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экономика министрлігі мәліметінше, көлік (22,4 пайыз), сауда (7 пайыз) секілді салаларда даму қарқыны артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9 пайыз) және байланыс (2,6 пайыз) салаларында да тіркелген.

Көлік саласындағы өсім темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемі ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика мына өңірлерді тіркелді:

  • Түркістан (21,8 пайыз),
  • Жамбыл (11,2 пайыз),
  • Абай (14,9 пайыз) облыстары.

Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2 пайыз болды.

Сауда саласы бірінші тоқсандағы 6,3 пайызға қарағанда 7 пайыз тұрақты өсім көрсетті. Көтерме сауда көрсеткіші 7,4 пайызға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1 пайызға дейін өсті. Бірқатар өңір:

  • Түркістан облысы - жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4 пайыз;
  • Ақмола облысы - астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44 пайыз;
  • Шымкент - дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8 пайызға жоғары өсім көрсеткен.

Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4 пайызға жетті. Өсім тау-кен секторында байқалды: 7,1 пайыз, соның ішінде көмір өндіруді ұлғайту есебінен (11,2 пайыз) артып отыр.

Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш - 7,2 пайыз, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу (12 пайыз), темекі өнімдерін (26,3 пайыз), химиялық өнімдерді өндіру (11,2 пайыз) және машина жасау (11,2 пайыз) бар.

Ауыл шаруашылығы оң динамика көрсетіп отыр. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9 пайыз болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer