Қазақстанда жоғары жалақыны қай сала мамандары алғаны анықталды

13 Ақпан 2018, 11:42
1
Қазақстанда жоғары жалақыны қай сала мамандары алғаны анықталды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың жалақыларының сатып алу қабілеті үшінші жыл қатарынан төмендеп жатыр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2 пайызға төмендеген. Бұл туралы Energyprom.kz бақылау агенттігінің зерттеуінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеудегі мәліметтерге қарағанда, былтыр соңғы үш айда қаржы, сақтандыру, ғылыми, техникалық және IT салалардың қызметкерлері ғана жоғары жалақы алып отырған.

Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтың орташа жалақысы былтырғы көрсеткіш бойынша орта есеппен - 163,7 мың теңге. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 пайызға артық екен.

"Жалақылары жоғары өңірлердің ішінде Қостанай мен Ақтөбе облыстары бар - бір жылда 2,1 пайызға - 138, 2 немесе 130 мың теңгеге жеткен. Ал сатып алу қабілеттігі төмендеген өңірлерге Маңғыстау облысын жатқызуға болады. Онда бірден 8 пайызға төмендеген. Бұл жалақысы 1,5 пайызға төмендеген жалғыз өңір", - делінген мамандардың зерттеуінде.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай