31 наурыз 2017 09:52

Қазақстанда жолаушылар пойызының бағдары өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірнеше жолаушылар пойызының бағдары өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірнеше жолаушылар пойызының бағдары өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, кеше, 30 наурызда Павлодар жол бөлімшесінің Дегелең-Май қума жолында тасқын су теміржолға залал келтірген.

"Соған байланысты №31 "Алматы-1-Павлодар", №376 "Астана-Лениногор", №67 "Защита-Астана", №68 "Астана-Защита" жолаушылар пойыздарының бағдары өзгеріп РФ аумағындағы "РТЖ" ААҚ-на қарасты Құлынды және Локоть станцияларымен жүре бастады. Пойыздардың жолдағы мерзімі орташа алғанда 16 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, тасқын су салдарын жоюға арнайы штаб құрылғаны айтылады. Оқыс оқиға орнында 120 теміржолшы мен 63 арнайы техника жұмыс істеп жатыр екен.

"Қазіргі таңда "ҚТЖ" ҰК" АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға салдарын қысқа мерзімде, жедел жою қарастырылып отыр" дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети