04 ақпан 2016 13:28

Қазақстанда жұмыссыздар статусы жаңаша анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жұмыссыздар статусы жаңаша анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Парламент Сенатында "Жұмыспен қамту туралы" ҚР Заң жобасын ұсынды. 


Қазақстанда жұмыссыздар статусы жаңаша анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Парламент Сенатында "Жұмыспен қамту туралы" ҚР Заң жобасын ұсынды. 

Заң жобасы жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгертуді қарастырады. 

"Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалып, экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын ұзақ мерзімді өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің тәжірибелері зерделенді", - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші тұлға статусы беріледі. "Жұмыс іздеп келген адамға 10 күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалады", - деді Тамара Дүйсенова заң жобасын таныстыра отырып.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз тұлға үшін ЭЫДҰ-ға құрамдас мемлекеттер мен көптеген Еуропа елдерінде қолданылып жүрген жұмысқа орналастырудың жеке картасын әзірлейтін болады.

Жаңа Еңбек Кодексіне сәйкес, экономикалық негіздеме бойынша жұмыстан босатуға, қызметкерлердің санын немесе штатты қысқартуға, жұмыскерлерді жаппай қысқарту, яғни, кәсіпорын жұмысын тоқтатқан немесе банкротқа ұшыраған жағдайда, 4 айдан 6 айға дейін жұмысын жоғалтқанда әлеуметтік төлемдер уақытын ұзарту.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети