12 маусым 2015 | 14:51

Қазақстанда жыл басынан бері 86 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©delate.info ©delate.info

Қазақстанда жыл басынан бері 86 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері ресми сауалға берген жауабында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл басынан бері 86 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері ресми сауалға берген жауабында айтты.

"2015 жылдың бес айының ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың арасында 86 суицид тіркелді. 2014 жылы кәмелет жасына толмағандардың арасында суицид жағдайлары 24,4 пайызға азайды - 189 жағдай. 2013 жылы 250 бала өз-өзіне қол жұмсаған, 2012 жылы - 211, ал 2011 жылы - 257", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, балалар арасындағы суицид жағдайлары биыл Оңтүстік Қазақстан облысында көп болды - 22 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында - 10, Қостанай облысында - 9, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 5 жағдайдан. 

Сонымен қатар, Бас прокуратурадағылар ҰБТ кезіндегі суицидтердің санына тоқталды. Ведомство мәліметінше, 4 жағдай болыпты, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының бір түлегі және қол жұмсауға оқталу дерегі екі рет тіркелді (бұлардың ішінде орта мектеп оқушылары жоқ). Осы деректерге байланысты деректер Сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, 1-9 маусым аралығында бір суицид жағдайы тіркелді.

Ведомство өкілдері жасөспірімдердің неліктен суицидке баратынын айтып берді. Прокуратура органдарының мәліметінше, барлық жағдайлардың 32 пайызы отбасындағы жағдаймен байланысты. Жалғыздық себебімен жасөспірімдердің 6 пайызы өледі. 5 пайыз жағдайда оқудағы проблемаларға байланысты.

ҰБТ-2015 өткізумен суицид жағдайларының байланысы жайлы сұраққа ведомство өкілдері былай деп жауап берді. "Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу мен жасөспірімдер арасындағы суицид деректерінің байланысы жоқ", - деді ведомстводағылар. 

Еске салайық, Tengrinews.kz сайты екі түлектің суицид жасағанын хабарлаған болатын. 2 маусымда таңғы 6.30-да Ақмола облысында 11 сынып оқушысы асылып қалды, ал 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының бір түлегі 73 балл алғаннан кейін өз-өзіне қол жұсады деген ақпарат таратты.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети